Меню KDT

Жарғы

Павлодар облысы әкімдігі 

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының 

ЖАРҒЫСЫ 

 

  1. Жалпы ережелері 

 

  1. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының «№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі — Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.
  2. Кәсіпорын Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы «Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының «№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы» № 26/1 қаулысына сәйкес құрылды.
  3. Кәсіпорынның құрылтайшысы жергілікті атқарушы органы — Павлодар облысы әкімдігі болып табылады.
  4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын жергілікті атқарушы органы — Павлодар облысы әкімдігі жүзеге асырады.
  5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын органы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.
  6. Кәсіпорынының мемлекеттік тілдегі атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

Кәсіпорынның орыс тіліндегі атауы: коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Павлодарская городская больница № 1» управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области

  1. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140013, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 49.

 

  1. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

 

  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылған және заңды тұлға құқығын иеленген болып саналады.
  2. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  3. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның рұқсатымен құрып, сонымен қатар өзін басқа заңды тұлғаның құрушысы (қатысушысы) ретінде көрсете алады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдары мен өкілдіктерін құра алады.

  1. Кәсіпорынмен және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрдегі мемлекеттік тіркеуге немесе басқа да тіркеуге қатысты келісім – шарттар тіркелген сәттен бастап, егер өзге жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көрсетілмесе, жасалған болып саналады.

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні мен оның мақсаттары 

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні облыс тұрғындарына білікті және жоғары білікті стационарлық, стационардың орнын басатын, амбулаторлы-емханалық, алғашқы медико-санитарлық, консультативті-диагностикалық көмек көрсету болып табылады.
  2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру. Медициналық қызметтермен нарықты молықтыру жолымен әлеуметтік міндеттерді шешу.
  3. Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін, кәсіпорын қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:
  • тұрғындарға медициналық қызмет көрсету, оның ішінде ақылы қызмет, қалалық ұйымдарға шарт негізінде медициналық қызметтер көрсету, қала тұрғындарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету;
  • Мемлекеттік кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асырумен байланысты әртүрлі медициналық емес қызметтер және сонымен қатар, емделушілерге емделу үшін сервистік палаталар ұсыну, медициналық киім-кешектерді жуу, Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері, науқастар үшін қоғамдық тамақтандыру бойынша қызмет көрсету, мәйітхананың салттық қызметтерін көрсету.
  1. Осы Жарғыда бекітілген, оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
  2. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзіретін бұза отырып, жасаған мәмілесі органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  3. Кәсіпорын басшысының жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

 

  1. Кәсіпорынды басқару

 

  1. Жергілікті атқарушы орган:

1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

4) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерін құруына келісім береді;

5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) Кәсіпорын бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

2)  Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі, бекітеді.

3) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын талдауды және бақылауды жүзеге асырады;

4) Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және қолдануын бақылауды қамтамасыз етеді;

5) Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды  қамтамасыз етеді;

6)   Қазақстан Республикасы өзге заңнамасын және осы Жарғы жүктеген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады;

  1. Осы жарғының 5 бөлімінде қарастырылған, кәсіпорынның басшысы, сонымен қатар бақылау кеңесі оның органы болып табылады.
  2. Басшыны тағайындау оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының жағдайларда заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Басқару органы Кәсіпорын басшының еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігін уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын Басшының жауапкершілігі айқындалады.

  1. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
  2. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке дербес жауапты болады.
  3. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Басшы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2)  Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3)  шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4)  сенімхаттар береді;

5)  банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және Қазақстан Республикасының заңына және осы Жарғыға сәйкес келмейтін істер істесе, оларды жазаға тартады;

Басқару органы басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы осы Жарғыда белгіленеді;

8) бекітілген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбек ақы төлеу нысанын, штаттық кестесі, лауазымдық айлық ақылардың мөлшерін, Кәсіпорын қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы Басқару органына кандидатуралар ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзіретін белгілейді;

11) Басқару органның келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Жергілікті атқарушы органымен Кәсіпорын арасындағы қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  2. Басқару органымен Кәсіпорын арасындағы қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

 

  1. Байқау кеңесімен Кәсіпорынды басқару ерекшеліктері 

 

  1. Кәсіпорында Басқару органының ұсынысы бойынша Байқау кеңесі

 

құрылады.

Денсаулық сақтау және білім беру салаларында байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын құру, сонымен қатар, денсаулық сақтау және білім беру салаларында әрекет ететін Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнында байқау кеңесін жүргізу жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.

  1. Байқау кеңесі құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға қойылатын критерийлері, Мемлекеттік жоспарлау бойынша Уәкілетті органымен бекітіледі.
  2. Байқау кеңесін құру тәртібі, байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, сонымен қатар байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу реті мен уәкілеттіліктерін мерзімнен бұрын тоқтату мемлекеттік жоспарлау бойынша Уәкілетті органымен бекітілген.
  3. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау мен байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шегін анықтау мемлекеттік жоспарлау бойынша Уәкілетті органы айқындайды.
  4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:

1)  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын дамыту жоспарының жобасы бойынша, оған қосымша мен өзгерістер енгізу бойынша, Басқару органына қорытындысын береді.

2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есебін алдын ала бекітеді, дамыту жоспарының орындалуы туралы есеп жобасын мақұлдайды.

3) қосымша көзден алынған демеушілік және қайырымдылық көмек пен қаражатты , оның ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын билігіне қалдырылған таза табыс бөлігін  орналастыру туралы шешімді қабылдауға.

4) қосымша көзден түскен қаражат және бюджеттік қаражаттың дұрыс пайдаланылуын бақылау үшін, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның және олардың құрылымдық бөлімдерінің құжаттарымен кедергісіз танысуға және аталған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін Басқару органына ұсыныстар жасайды;

5) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша Басқарушы органының ұсыныстарын мақұлдайды;

6) ұжымдық шартты әзірлеуде қатысады және дамыту жоспарында бекітілген қаражат шегінде қосымша қаражат көзден сыйақы мен материалдық көмекті көрсетудің,  қызметкерлерге, кәсіпорын басшысына, оның орынбасарларына, бас бухгалтерге лауазымдық жалақыға қосымшасын тағайындау бөлімін қарастырып, шешім қабылдауға;

7) байқау кеңесі хатшысын тағайындайды, жалақысының мөлшерін және уәкілеттілік  мерзімін белгілейді және де уәкілеттілігін мерзімімнен бұрын тоқтатады;

8) басқару органына шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысына қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жасайды;

9) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;

10) шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік Кәсіпорынның басқа заңды тұлғалардың қатысуы туралы Басқару органына ұсыныстар жасайды;

11) шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік Кәсіпорынның филиалдарымен уәкілеттіліктерін құру мен жабу бойынша Басқару органына ұсыныстар жасайды;

  1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік Кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің талабы бойынша, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері байқау кеңесінің құзіреттілігіне қатысты мәселелер бойынша ақпаратты ұсынуға міндетті.
  2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік Кәсіпорынның байқау кеңесі отырысының өткізілу тәртібі:

1) шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік Кәсіпорынның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, тоқсанына бір реттен кем емес.

2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік Кәсіпорынның отырысы оның төрағасының өз бастамасы бойынша, Басқару органының талабы бойынша, байқау кеңесі мүшесінің бастамасымен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының бастамасымен шақырылуы мүмкін;

3) шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік Кәсіпорынның байқау кеңесі отырысының шақырылуы мен өткізілу тәртібі, байқау кеңесі туралы ережесі Басқару органымен бекітіледі.

4) егер де, Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік Кәсіпорынның байқау кеңесінің барлық мүшелері отырыстың өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар болып және  шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік Кәсіпорынның байқау кеңесі  мүшелерінің жартысынан көбі жиналған жағдайда құқықты болып саналады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік Кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің даусын  байқау кеңесінің басқа мүшесіне беруге немесе өзге адамға (сенімхат бойынша) беруге жол берілмейді.

5) шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік Кәсіпорынның байқау кеңесінің әр мүшесі дауыс берген жағдайда, бір ғана дауысқа иелік ете алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік Кәсіпорынның байқау кеңесінің дауыстары бірдей болған жағдайда, байқау кеңесі төрағасының даусы шешуші болып саналалы.

6) байқау кеңесінің шешімі жазбаша түрде рәсімделеді және байқау кеңесінің барлық мүшелерімен қол қойылады.

 

  1. Кәсіпорын мүлкі 

 

  1. Кәсіпорын мүлкінің құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорын-

 

ның активтері құрайды.

  1. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкі қалыптастырылады:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

  1. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
  2. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтық табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылданған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтіне туындайды.
  5. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу – сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
  6. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249 – бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 45 және 46 тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
  7. Осы Жарғының 44 тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алып қою жағдайлары, атап айтқанда, мыналар:

  • шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;
  • артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.
  1. Жергілікті атқарушы органы Басқару органының рұқсатымен Кәсіпорынға бекітілген мүлікті алуға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылмаған өзге заңды тұлғалар арасында қайта бөліне алады.
  2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі атқарушы орган (жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы орган, облыстық коммуналдық мүлікке бұйрық етуге өкілетті) Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.
  3. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың Басқару органның ұстанымы бойынша:

1) филиалдар, өкілдіктер құруға құқылы;

2) дебиторлық берешекпен билік ете алады;

3) үшінші тұлғаларға кепілдіктер немесе міндеттемелер  бойынша кепілдіктер бере алады;

4) қарыз бере алады;

  1. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі заттарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес бұйрық етеді.
  2. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі немесе меншік иесі өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 48 және 49 тармағында көрсетілген мүлікпен жасалған мәмілелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады (жергілікті атқару органы).

Мемлекеттік кәсіпорын уақытша бос қаржыны екінші деңгейлі банк депозиттеріне орналастыруға, сонымен қатар бос қаражат болғанда ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарын алуға, ВВВ төмен емес кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарын, ҚР аймағындағы өзінің қызметін жүзеге асыратын, қор биржасының ең жоғарғы санаттағы тізіміне енгізілген Қазақстандық эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарын алуға құқылы.

 

  1. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру

 

  1. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму  жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау бойынша атқарушы органымен айқындалады.

  1. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін, Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі сәйкес бюджетке он жұмыс күннен кешіктірілмей аударылуы тиіс.

  1. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.
  2. Кәсіпорын өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсіпорынның оларды өндіруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебінен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгілейді.

Тиісті тауар нарығында үстемді және монополиялық жағдайларының орын алуы, табиғи монополия субъектілеріне немесе нарық субъектілеріне қатысты Кәсіпорын өндіретін және сататын тауарлардың бағалары, «Табиғи монополиялар мен нарықты реттеу туралы», «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып анықталады, тиісті тауар нарығында устемді және монополиялық жағдайларының орын алуы, табиғи монополия субъектілеріне немесе нарық субъектілеріне қатысты бағаларды реттейтін Қазақстан Республикасы өзге де заңнамаларында анықталады.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті турде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

 

  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 639 870 350,79 теңгені құрайды, бұл Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне Құрылтайшымен толық қалыптастырылады.
  2. Жарғылық капитал мемлекеттік тіркелу кезіне меншік иесімен (құрылтайшымен) толық қалыптастырылуы тиіс.

 

  1. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

 

  1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланы Басқару органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
  3. Кәсіпорын байқау кеңесімен бірге жылдық қаржылық есебінің аудитін өткізуге міндетті. Кәсіпорынның аудиті байқау кеңесінің, басшының, басқару органының бастамасымен Кәсіпорын қаражатының есебінен өткізілуі мүмкін.

 

  1. Кәсіпорынның жауапкершілігі

 

  1. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
  2. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

  1. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасы Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен анықталады.
  2. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

 

  1. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

 

  1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Басқару органымен белгіленеді .
  2. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.
  3. Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлық ақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін Басқару органы белгілейді.

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  2. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

Несие берушілердің талаптары қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

 

 

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  1. Коммуналдық кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.

 

 

 

               Басшы _______________________Смаков Советхан Базарович